Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Оқиға Төлеби ауданына қарасты Ленгер қаласының орталық көшелерінің бірінде тіркелді.
Полицейлердің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында арнайы қызметтік көліктерге тән жарқылдауық шамдарды заңсыз орнатып, жол қозғалысы ережелерін елемеген жүргізушілер қысқа уақыт ішінде анықталып, тоқтатылды.
— Тәртіп сақшыларының кәсіби іс-қимылының арқасында Toyota Camry және ВАЗ-21115 автокөліктері тоқтатылып, жүргізушілердің заң талаптарын бұзғаны дәлелденді. Құқық бұзушыларға қатысты заң талаптарына сәйкес қатаң шаралар қабылданып, автокөліктер айыптұраққа қойылды, — деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Сонымен қатар жүргізушілермен түсіндіру және алдын алу жұмыстары жүргізіліп, жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңызы ескертілді.
Айта кетейік, жыл басынан бері Түркістан облысында осындай 5 заңсыз кортеж анықталып, әрбір дерек бойынша тиісті шаралар қабылданған.
Бұдан бұрын Түркістанда төленбеген 18 айыппұлы бар жүргізуші жалған нөмірмен ұсталғанын жазған едік.