Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Тергеу деректеріне сәйкес, күдіктілер жүк көліктерінің жүргізушілеріне шекарадан өту кезінде кедендік рәсімдерді жеделдетіп өткізу үшін заңсыз делдалдық қызмет көрсетумен айналысқан.
Жиналған материалдар негізінде 17 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Олардың бесеуі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Тінту барысында 5 дана атыс және пневматикалық қару, ірі көлемдегі ақша қаражаттары және өзге де заттай айғақтар тәркіленді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.