Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Түркістан облысы Созақ ауданында алтын құрамды учаскелерін өз бетінше игерумен айналысқандар анықталды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
12 адам рұқсат құжаттарынсыз, экологиялық заңнаманы және өндірістік қауіпсіздік талаптарын бұза отырып алтын өндірген.
Заңсыз өндірілген алтынның салмағы - шамамен 451 грамм.
"Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 295-1-бабы 1 және 3-бөлігі бойынша тергеу басталды. 5 күдіктіге үйқамаққа алынды", - дейді прокуратурада.
Прокуратура заңсыз пайдалы қазбаларды өндіру экологияға елеулі қауіп төндіретінін, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретінін және қылмыстық жауаптылыққа әкелетінін ескертеді.