Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Түркістан облысы Қазығұрт ауданына қарасты Тұрбат ауылында тұратын отбасында үшем дүниеге келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Осылайша, жас ерлі-зайыпты төрт ұлдың ата-анасы атанды.
Үшемнің әкесі Аслиддин Шапахов 1998 жылы, анасы Зиеда Сайдурасил 2003 жылы туған. Бұған дейін ерлі-зайыпты Турсунмурод есімді бір ұл тәрбиелеп келген. Енді отбасына Хасан, Хусан және Усмон есімді үш сәби қосылды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жүктіліктің 33 аптасы 4 күнінде әйелге кесарь тілігі отасы жасалған. Түркістан облыстық №1 перинаталдық орталығының дәрігерлері босандыруды сәтті өткізіп, ана мен нәрестелерге қажетті медициналық көмек көрсеткен.
Анасы мен сәбилердің жағдайы тұрақталғаннан кейін олар перзентханадан үйіне шығарылды. Алдағы уақытта дәрігерлер олардың денсаулығын бақылап, қажетті оңалту шараларын жүргізеді.
Айта кетейік, бұл – Түркістан облысында жыл басынан бері дүниеге келген сегізінші үшем.