24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Түркістан облысында 1 жылда жасөспірімдердің өз-өзіне қол салуына қатысты 75 оқиға болды. Салдарынан 37 қайғылы жағдай тіркелді.
Суицидтің басым бөлігі Сайрам, Сарыағаш, Жетісай, Ордабасы және Түлкібас аудандарында болған. Өмірімен ерте қоштасуға асыққандардың дені 11 мен 17 жас аралығындағы балалар. Бұл туралы «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында облыстық прокуратура ұйымдастырған «Жас ұрпақ – ел болашағы» атты форумда айтылды. Мамандар кәмелетке толмағандардың оқыс шешім қабылдауына ең алдымен ата-ананың бала бойындағы өзгерістерге бей-жай қарауы түрткі болатынын айтады. «Мектептегі қысым мен балалар тарапынан көрсетілетін буллингке де байланысты», - дейді. Интернеттегі қауіпті ойындар мен күмәнді сайттардың да ықпалы бар. Жиында жасөспірімдердің психологиялық денсаулығын қорғау, суицидтің алдын алу және мектептерде қауіпсіз орта қалыптастыруға баса назар аударылды. Спикерлер облыстың әр өңірінен жиналған мектеп психологтарына біліктілігін арттыратын кеңес берді.
Мұрат Тлеубердиев, облыс прокуроры:
- Сынып жетекішлері балалардың кіммен араласатынын, көңіл-күйіндегі өзгерістерді бақылап отыруы шарт. Прокурорлық тексеру барысында педагог-психологтардың оқушылармен кезедсуіне арнайы сағат қарастырылмағаны белгілі болды. Яғни мектеп оқушыларының психологиялық жағдайды түсінуге уақыт жеткіліксіз. Бұл да жедел шешілуі тиіс мәселе.
Шара Әбдірахманова, педагог-психолог:
- Аутодеструктивті мінез-құлықты бала бірінші кезекте өзін төмен сезінетін болады. Өзіне деген сенімсіздігі оның қоғаммен араласуына қиындық тудырады. Өзін жалғыз сезінетін болады. Сыныпқа кіргенде баланың көңіл-күйіне, көзінің жанарына қараймыз. Ол егер партаға жатып, болмаса соңғы партаға отыратын жағдай болса, сынып жетекшісі арқылы байланыс жасаймыз. Бейімі болатын болса, міндетті түрде үйірмеге тартуға әрекет жасаймыз.