Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Облыстық прокуратура мәліметінше, арнайы «Дрон» құрылғысының көмегімен Сауран ауданы аумағындағы «Құрсай» өзені бойында жер қойнауының тұтастығын бұза отырып, кең таралған пайдалы қазбалардың (құм-қиыршықтас қоспасы) заңсыз өндірілгені анықталды.
Жер қойнауын заңсыз пайдалану – халық наразылығын тудыратын және қоғамдық-саяси тұрақтылық пен қоршаған ортаға теріс әсер ететін факторлардың бірі.
Прокурорлық қадағалау актілерінің негізінде заңсыз жасалған меморандум бұзылып, тәртіптік теріс қылыққа жол берген Шаға ауылдық округінің әкімі қызметінен босатуға ұсынылды. Аудан әкімінің орынбасары мен полиция қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Айта кетейік, пайдалы қазбаларды тәжірибелік-өнеркәсіптік мақсатта алу сылтауымен жасырын өндіру деректеріне жауапкершілік енгізіліп жатыр. Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан мәлім етті.