Түркістан облысында жол бойындағы дәмхана өртеніп кетті

28.12.2025

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Түркістан облысында халықаралық маңызы бар тасжолдың бойында орналасқан дәмханадан өрт шықты. Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары тілсіз жауды ауыздықтап қана қоймай, ірі жарылыстың алдын алды, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ

Оқиға 27 желтоқсан, сенбі күні болған. Түркістан облысы ТЖД «112» пультіне Алматы ‒ Термез автожолының бойындағы нысанның өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.

Өрт сол сәтте жұмыс істемей тұрған жол бойындағы дәмхана ғимаратында басталған. Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына жеткенде, ғимаратты жалын толықтай шарпып үлгергені анықталды.

Өртті сөндіру барысында өртсөндірушілер үлкен қауіпке қарамастан ғимарат ішіне кірді. Олар жалын құшағында қалған дәмхана ішінен сыйымдылығы 50 литрлік газ баллонын сыртқа алып шықты.

Қостанай облысындағы өрттен 5 жастағы бала көз жұмды

Бұл әрекет жағдайдың одан әрі ушығуына жол бермеді. Егер газ баллоны жарылғанда, зардаптар бұдан да ауыр болар еді. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында ықтимал жарылысқа тосқауыл қойылды.

Төтенше жағдай мамандарының үйлесімді жұмысының нәтижесінде өрт толықтай сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. Мамандар тиісті сараптамаларды тағайындады.

Астанада үш қабатты ғимараттан өрт шықты

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға, әсіресе нысандардағы газ жабдықтары мен электр желілерінің күйін үнемі бақылап отыруға шақырады.

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық киноның ұстыны: 2025 жылғы жетістіктер мен жаңа мүмкіндіктер

Кино • Бүгін, 15:10

АҚШ-та қарлы боран салдарынан 8 мыңнан астам әуе рейсі кешіктірілді

Әлем • Бүгін, 15:00

2026 жылы міндетті мүлік сақтандыруы енгізіле ме?

Қоғам • Бүгін, 14:45

Елена Рыбакина Олимпиада чемпионын жеңді

Спорт • Бүгін, 14:30

Өңірлер – өсімнің тірегі. Қазақстандық даму моделінде не өзгеріп жатыр?

Сұхбат • Бүгін, 14:21

Футзалдан Қазақстан кубогінде тосын нәтиже тіркелді

Спорт • Бүгін, 14:10

Түркістан облысында жол бойындағы дәмхана өртеніп кетті

Төтенше жағдай • Бүгін, 13:55

Корея сарапшысы: Қазақстан Орталық Азияның цифрлық орталығына айнала алады

Сұхбат • Бүгін, 13:47

Ақтауда көктайғақ салдарынан автобустар қозғалысы уақытша тоқтатылды

Аймақтар • Бүгін, 13:15

АҚШ Нигериядағы террористерге қарсы әуе соққысын жасады

Әлем • Бүгін, 12:55

Жалғас Жұмағұлов бүгін Чехияда Oktagon чемпионы атағын қорғайды

Спорт • Бүгін, 12:40

Ақтөбеліктер енді жедел жәрдемнің қозғалысын Яндекс Go қосымшасынан көре алады

Медицина • Бүгін, 12:20

Украина бойынша бейбіт келісім: Зеленский Трамппен Флоридада кездеседі

Әлем • Бүгін, 12:05

28 желтоқсандағы доллар бағамы белгілі болды

Қаржы • Бүгін, 11:50

Қостанай облысында өрттен 5 жастағы бала көз жұмды

Төтенше жағдай • Бүгін, 11:30

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью