Түркістан облысындағы Ақтан және Көктан ата бұлақтары тазартылды

30.10.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Түркістандық табиғат жанашырлары Шапырашты елді мекенінде қасиетті саналатын Ақтан және Көктан ата бұлақтарының басында тазалық жұмыстарын жүргізді. Туған жерді аялау, табиғатына қамқор болу бастамасы аясында ұйымдастырылыған шараға әкімдік қызметкерлері, ауыл тұрғындар мен жастар қатысты. Жергілікті коммуналдық мекемесі арнайы техникамен қамтамасыз етіп, осы аумақтың көркі саналатын Қарасу өзенінің бойын ретке келтірді. 

Қабылбек Тұрысов, ауыл тұрғыны:

- Халықтың демалыстын жерін тазалап жатыр. Барлық жерде осындай тазалықты қолға алайық. Таза Қазақстанды ары қарай дамыта берейік. Таза жерде адамның денсаулығы жақсы болады. таза жүрсең ауру-сырқу жоқ болады.

Мадияр Оразалиев, Сайрам ауданының әкімі:

- Демалған дұрыс, келіп көңіл көтерген дұрыс табиғат аясында. Бірақ арттарынан күл-қоқыстарын жинап, табиғатты сыйлған дұрыс. Себебі табиғатты сыйлау, қадірлеу әрбіріміздің азаматтық парызымыз. Бізде әр снбілік сайын көше тазалау, құраған ағаштарды кесу, сырлау, әктеу жүреді. 15 қарашадан бастап тал егу жұмыстары басталады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью