Түркістан облысындағы колледждерде сұранысы төмен мамандықтар қысқартылмақ | Qazaq24.com
Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Орыновтың айтуынша, өңірдегі колледждер ауыл шаруашылығы, құрылыс, қызмет көрсету, туризм, техника және технология, медицина, өнер және гуманитарлық ғылымдар, білім салалары бойынша мамандар даярлайды.
Қазіргі таңда 84 мамандық бойынша 46 747 студент білім алып жатыр. Оның 79 пайызы мемлекеттік тапсырыс негізінде оқиды.
2024-2025 оқу жылында облыс колледждерін 12 619 студент тәмамдаған.
Түлектердің 81 пайызы жұмыспен қамтылып, жоспарланған көрсеткіш толық орындалған. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 5 пайызға жоғары.
– Талдау нәтижесінде техникалық, өндірістік және ауыл шаруашылығы бағытындағы мамандықтар бойынша жұмыспен қамту деңгейі 90-100 пайыз аралығында екені анықталды.
Ал қызмет көрсету, шығармашылық және әлеуметтік бағыттағы мамандықтарда көрсеткіш орташа деңгейде қалып отыр.
Кейбір медицина, қауіпсіздік және әкімшілік мамандықтары бойынша еңбек нарығындағы сұраныс төмен.
Читать полностью
Читать новость