Түркістан облысындағы Қыран футбол клубының 101,2 млн теңге жалақы қарызы бар

30.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Еңбек және халықты қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің мәліметінше, жылдың алғашқы үш айында өңірде жалақы қарызы бар кәсіпорындар мен мекемелер анықталмаған.

Алайда екі жылдан бері қызметкерлерге жалақы бойынша миллиондаған теңге берешегі қордаланған бір мекеме бақылауға алынған.

Департамент басшысының орынбасары Мұрат Төлендиевтың айтуынша, қазіргі таңда «Қыран» футбол клубының 44 жұмыскерге 2024 жылдан өтпелі 101,2 млн теңге жалақы қарызы бар.

— Аталған жайт бойынша мекеме басшылығына орындалуы міндетті нұсқамалар беріліп, әкімшілік шаралар қолданылды. Сот орындаушылары тарапынан атқарушылық іс жүргізу аясында мекеменің есепшоттары бұғатталып, өндіріп алу жұмыстары жалғасып жатыр, — деді ол баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ спикер бұл мәселе түпкілікті шешілгенге дейін департаменттің қатаң бақылауында болатынын атап өтті.

Бұдан бұрын «Тұран» футбол клубының жаңа бас бапкері тағайындалғанын жазған едік

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью