Түркістан облысындағы жол апаты: 7 адам мерт болды

17.07.2026

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Түркістан облысының Бәйдібек ауданында болған жантүршігерлік жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға түнгі уақытта болған. Toyota Camry мен Volkswagen Passat автокөліктері соқтығысып, салдарынан жеті адам оқиға орнында көз жұмған.

Түркістан облысы полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу және процессуалдық іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

«Тергеу нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданады», – деп хабарлады ведомство.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға, жол және ауа райы жағдайын ескеріп, жылдамдықты асырмауға шақырды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью