Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Атап айтқанда, бұл іс-шара Түркістан, Кентау, Арыс қалаларында ұйымдастырылды. Аталған бастама тұрғындардың маңызды саяси науқанға қатысуына қолайлы жағдай жасау мақсатында қолға алынып отыр.
Жалпы Түркістан облысында 1 187 257 азаматтың референдумда дауыс беруге құқығы бар. Бұл – өңір халқының 55,4 пайызы.
Өңірде 947 референдум учаскесі жұмыс істейді. Оның 25-і – жабық учаске.
Фото: Сәбит Тастанбек/KazinformРеферендумға облыс бойынша жалпы 6 380 комиссия мүшесі тартылған. Олардың 97 пайызы референдумдар мен түрлі деңгейдегі сайлау науқандарын өткізуде тәжірибесі бар.
– Облыста ең көп сайлау учаскесі – Сайрам ауданында. Мұнда 89 учаске бар. Одан кейін Сарыағашта – 82, Жетісайда – 75, Төлебиде – 69, ал Түркістан қаласында 65 сайлау учаскесі тіркелген, – деп хабарлады Түркістан облыстық аумақтық референдум комиссиясы.
Айта кетейік, бүгін өңірдегі барлық дауыс беру учаскелерінде тұрғындар таңғы сағат 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін дауыс бере алады.
Бұдан бұрын еліміздегі барлық учаскеде дауыс беру жүріп жатқанын жазған едік.