Түркістан облысының Шардара қаласына жаңа әкім сайланды

22.04.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Сайлаушылар тізіміне 19 833 азамат енгізілген. Олардың 10 155-і дауыс берген.

Фото: Шардара ауданы әкімдігі

Шардара аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, Д.Ж.Жұмаділлаев үшін 7710 сайлаушы дауыс берген. Екінші үміткер Б.Д. Қалдыбаевқа 1143 адам сенім білдірген. Ал М.А.Утенов 1265 дауыс жинаған. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 23.

– Сайлау нәтижесінде 1985 жылы туған, Шардара аудандық мәслихат аппаратының басшысы, Шардара қаласының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған Досбол Жұмаділлаев Шардара қаласының әкімі болып сайланды, – делінген аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ресми хабарламасында.

Досбол Жұмаділлаев бұған дейін Шардара аудандық мәслихат аппаратының басшысы қызметін атқарған.

Бұдан бұрын Абай облысында Бесқарағай ауданының әкімі сайланғанын жазған едік. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью