Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға теңіз деңгейінен 2 400 метр биіктікте болған.
«Кезекші пультіне ер адамнан хабарлама келіп түсті. Ол досының денсаулығының күрт нашарлауынан қайтыс болғанын айтты. Ал өзі сырқаттанып, таудан өздігінен түсе алмаған. Тікұшақпен таулы аймақтан 1993 жылы туған ер адам эвакуацияланды. Сондай-ақ таудан 1978 жылы туған марқұмның мәйіті түсірілді», делінген хабарламада.
Оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері эвакуацияланған туристі тексеріп шықты. Оның жағдайы қанағаттанарлық болғандықтан, ауруханаға жатқызу қажет болмады.
Ведомство азаматтарға тауда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды еске салды. Атап айтқанда, жорық бағыты туралы жақындарына алдын ала хабарлау, ауа райы болжамын қадағалау және өзімен бірге дәрі қобдишасы мен жеткілікті мөлшерде ауызсу алып жүру қажет екені айтылды.