Түркістанда 18 жастағы қызды зорлады деген айып тағылған үш полицей де қызметінен босады

30.01.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Түркістан облысында құқық қорғау органдарының үш қызметкеріне қатысты ауыр айып тағылып отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

18 жастағы тұрғын полиция қызметкерлерінің үстінен зорлау дерегі бойынша арыз түсірген.

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев бұл ақпаратты растап, жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

Күдікке ілінген үш полиция қызметкері бірден қызметтерінен босатылған.

Қазіргі уақытта тергеу органдары болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью