Түркістанда 41 жастағы әйел үшемді дүниеге әкелді

23.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Түркістан қаласындағы № 3 облыстық перинаталдық орталықта 41 жастағы Марина Жұрымбаева үш ұлды дүниеге әкелді. Жүктілік мерзімі 32 апта болған. Босану кесар тілігі әдісімен өтті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ұл балалардың салмағы 1715, 1955 және 1999 грамм болды.

Фото: Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы

— Шала туғандықтан нәрестелер өмірінің алғашқы тәулігінде тыныс алу аппаратына қосылып, жансақтау бөлімшесінде 10 тәулік дәрігерлердің бақылауында болды. Жағдайлары тұрақталған соң сәбилер анасымен бірге арнайы күтімді қажет ететін нәрестелер бөліміне ауыстырылды, — делінген ведомство ақпаратында.

Әкесі сәбилерге Айқын, Айдын және Арсен есімдерін берді. Отбасында бұған дейін бір ұл мен бір қыз тәрбиеленіп отыр.

Фото: Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы

Дәрігерлердің айтуынша, үшем отбасында 15 жылдық үзілістен кейін дүниеге келген сәбилер.

Нәрестелер 35 тәуліктен кейін анасымен бірге қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды.

Бұдан бұрын Түркістан облысында 5 баланың анасы дүниеге үшем әкелгенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью