Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Фото: Polisia.kz
Полицияға Төрткөл ауылының маңында бірнеше автокөліктің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып жүргені туралы хабарлама келіп түскен. Ақпаратты тексеру үшін оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері аталған көліктерді анықтап, тексеру жүргізген.
«Тексеру барысында мемлекеттік тіркеу нөмірлері талапқа сай орнатылмаған ВАЗ-21015, ВАЗ-2106 және Audi 100 автокөліктері анықталды. Сонымен қатар, кортеж құрамында мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз және заңсыз орнатылған жарқылдақ шамдары бар Lada Granta көлігі болды. Жүргізушілерге қатысты бірден үш бап бойынша әкімшілік шаралар қолданылды. Барлық көлік арнайы айып тұрағына қойылды», делінген хабарламада.
Алматыда автокортеж ұйымдастырған 21 түлектің ата-анасы жауапқа тартылды
Полиция қызметкерлері жүргізушілерді қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды. Үйлену тойына байланысты өткізілетін іс-шаралар заң бұзуға себеп болмауы керек. Мұндай әрекеттер жол қозғалысының басқа қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.
Алматыда қауіпті жарыс өткізген көлік жүргізушілері жауапқа тартылды
Еске салайық, бұған дейін Астанада көпір үстінде ереже бұзған көлік жүргізушісі туралы хабарлаған едік.