Түркістанда Әзербайжан туын жерден көтерген оқушыға құрмет көрсетілді

23.05.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Түркістан қаласында жел ұшырып құлатқан Әзербайжан Республикасының мемлекеттік туын көтеріп, құрметпен орнына қойған 11-сынып оқушысы Нұрсұлтан Базарбайұлын Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы арнайы қабылдады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жасөспірімнің азаматтық ұстанымы мен мемлекеттік рәміздерге деген құрметі жоғары бағаланды. Кездесу барысында полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров жасөспірімнің азаматтық ұстанымы мен мемлекеттік рәміздерге деген құрметін жоғары бағалап, мұндай әрекет өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен мәдениетінің айқын көрінісі екенін атап өтті.
Сондай-ақ ол Нұрсұлтанға рухани құндылықтарды насихаттайтын жазушы Шерхан Мұртазаның кітабын сыйға тартты. Арыстанғани Заппаров оқушыға алдағы оқуына сәттілік тілеп, оның елге қызмет ететін білімді әрі саналы азамат болып қалыптасатынына сенім білдірді.

Өз кезегінде Нұрсұлтан Базарбайұлы бұл кездесудің өзі үшін үлкен мәртебе екенін айтып, көрсетілген құрметке ризашылығын жеткізді.

Айта кетейік, Түркістан қаласында түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде кеңінен тарап, қоғам тарапынан оң бағасын алған болатын. Оқушының бұл әрекеті Қазақстанмен қатар Әзербайжан жұртшылығының да ықыласына ие болып, екі ел арасындағы достық пен өзара сыйластықтың жарқын үлгісі ретінде бағаланды.

© Photo : Polisia.kzТүркістанда Әзербайжан туын жерден көтерген оқушыға құрмет көрсетілді

Түркістанда Әзербайжан туын жерден көтерген оқушыға құрмет көрсетілді

© Photo : Polisia.kz

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью