Түркістанда бас қосты

25.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Сурет: shyndyq.kz

Іссапар Түркістан қаласын­дағы Конгресс-холлда зиялы қауым және қоғам өкілдерімен өткен басқосудан басталды. Жиында сөз сөйлеген партия төрағасы Айбек Дәдебай Түркістан облысының ел үшін айрықша маңызын атап өтіп, өңір тұрғындарымен ашық диалог құрудың мәніне тоқ­талды.

«Түркістан – рухани әрі экономикалық әлеуеті зор өңір. Бүгінгі ашық диалог халық­тың оң өзгерістерге деген сені­мінің жоғары екенін көрсетті. Біз бұл жерге уәде тарату үшін емес, халықты тыңдап, нақты жұмыс істеу үшін келдік. Кентау, Арыс, Сауран және Түркістан тұр­ғын­дары көтерген әрбір өзекті мәселе біздің жеке бақы­лауы­мыз­да болады», деді партия төрағасы.

Айбек Дәдебайдың айтуын­ша, партияның тарихи жауап­кершілігі – Мемлекет бас­шысының Әділетті Қазақ­станды құруға бағыттал­ған реформаларын қолдап, оларды қоғаммен бірлесіп іске асыруға үлес қосу.

Кездесуде партия төрағасы­ның орынбасары, Құрылтай депутат­тығына кандидат Рауан Кенжеханұлы «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Оның айтуынша, құжат 7 негізгі мақсат пен 10 басым бағыттан тұрады. Бағдарлама адам капиталын дамытуға, өңірлерді қолдауға, «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға, цифрлық трансформацияға, экономиканы өркендетуге әрі әлеу­меттік саясатты жетіл­ді­ру­ге бағытталған.

Кездесуде тұрғындар өзде­рін тол­ған­дырған мәселе­лер­ді көтерді. Өтініш­­терді қарау­ға Республикалық сайлауалды штаб құрамындағы Құрылтай депутаттығына канди­даттар да қатысты. Олар­дың қатарында «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры, ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы, «Астана» халықаралық қаржы орталы­ғы­ның басқарушысы Ренат Бектұров, Мәжілістің бұрын­ғы депутаттары Асхат Аймағамбетов, Унзила Шапақ және өзге де кандидаттар бар.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью