Түркістанда бетін маскамен жапқан екі ер адам бейнекамераларды қасақана бүлдірді

29.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Оқиға қала көшелерінің бірінде болған. Салдарынан 700 мың теңгеден астам материалдық шығын келді.

Полицейлер қылмысты ашу барысында жақын маңдағы бейнебақылау жүйелерінің жазбаларын мұқият зерделеді. Күдіктілердің қозғалыс бағыты анықталып, жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде олар қолға түсті.

— Тергеу барысында оқиғаның түнгі сағат 01:00 шамасында болғаны анықталды. Бетін маскамен жасырған екі азамат ұзын ағаштың көмегімен камераларды істен шығарған. Аталған дерек бойынша бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру фактісімен қылмыстық іс қозғалды, — деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Алдын ала мәліметке сәйкес, күдіктілер жол ережесін бұзғаны үшін салынған айыппұлға наразылық білдіріп, осы әрекетке барғандарын мойындаған.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұдан бұрын Алматыда ұрланған мүлікті заңсыз сатқан тұлғалар ұсталғанын жазған едік. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью