Түркістанда бір мезетте 1 мың бала асық ойнап, тарихи рекорд тіркелді

20.03.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Бір мезетте 1 мыңнан астам бала асық ойнап, Қазақстанның  КИнЭС рекордтар кітабына енді. 

Салтанатты жиынға Түркістан облыстық  Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров, облыстық қоғамдық даму басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Эльмира Жанғазиева, сондай-ақ  ZIGI ZAGI отандық өнімінің өкілі, белгілі блогер Олжасхан Қайрат қатысып, көпшілікке ізгі тілектерін жеткізді.

Шара барысында Қазақстанның  КИнЭС  рекордтар кітабының ресми өкілі Бақытжан Тастүлеков арнайы сертификатты табыстап, тарихи жетістікті ресми түрде растады.

Назгүл НАЗАРБЕК, Түркістан облысы

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью