Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АЛМАТЫ, 19 мамыр – Sputnik. Түркістан қаласында бір сыныптың екі оқушысы Ұлттық бірыңғай тестілеуден 140 балл жинады, деп хабарлайды Түркістан облысының әкімдігі.
16 мамыр күні Түркістан қаласындағы "TULGA SCHOOL" жекеменшік мектебінің 11 "Д" сынып оқушылары Айсұлтан Жаңбырбай мен Жасур Нышанбаев Ұлттық бірыңғай тестілеуде 140 ұпай жинап, ең жоғары нәтиже көрсетті.
"Екі оқушы бір сыныпта білім алып, бірдей бейіндік пәндерді таңдаған. Сонымен қатар олардың болашақ мамандық бағыттары да ұқсас. ҰБТ барысында Дүниежүзі тарихы мен ағылшын тілі пәндерін таңдаған талапкерлер халықаралық IELTS емтиханынан 6,5 балл иеленген", - дейді әкімдік.
Қос түлектің де таңдауы – Мақсұт Нәрікбаев атындағы университет. Олар болашақта аударма ісі мамандығы бойынша білім алып, халықаралық деңгейде қызмет етуді көздеп отыр.