Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Түркістанда 61 жастағы ер адамның қуығынан 80 тас шықты, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Ер адамның біраз уақыт қуығы ауырған. Ол кіші дәретке барғанда ашыту, ауырсыну сияқты жайсыздық сезінген. Амбулаториялық деңгейде бірнеше медициналық мекемеде ем қабылдағанымен ауру мазалағанын қоймаған.
Түркістанда дәрігерлер ер адамның қуғынан 80 тас алып шықты
Түркістанда дәрігерлер ер адамның қуғынан 80 тас алып шықты
Түркістан қалалық орталық ауруханасында дәрігерлер кешенді диагностикалық зерттеу жүргізіп, қуығында көп мөлшердегі тасты анықтаған.
"Науқасқа тері арқылы "цистолитотрипсия" отасы жасалды. Бұл ота шағын инвазивті, яғни терісі 1 см ғана кесіліп жасалды. Ота барысында қуықтан 80 тас алынды. Хирургиялық ота сәтті өтті", - дейді дәрігерлер.
Операциядан кейін науқас тез оңалған. 3 тәулікте урологиялық катетер алынып, 5 тәуліктен кейін жағдайының жақсаруына байланысты оң нәтижемен үйіне шығарылды.