Түркістанда еріктілер 3 мыңнан астам тасбақаны қауіпсіз жерге көшірді

27.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Бұл бастамаға «Тасбақа» табиғатты қорғау қоры ұйытқы болды. Қор директоры Юлия Цаугг бастаған қызметкерлер, сондай-ақ еріктілер мен инвесторлар қолдау көрсетіп, жалпы 50-ге жуық адам мен 7 техника жұмылдырылды.

Фото: Ғани Назарбек Фото: Ғани Назарбек

Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің аға ғылыми қызметкері Ғани Назарбектің айтуынша, табиғат жанашырларының көмегімен 20-25 наурыз аралығында 3 мыңнан астам тасбақа қауіпсіз жерге көшірілген.

Фото: Ғани Назарбек

— Жаңадан игеріліп жатқан аумақтар бауырымен жорғалаушылар үшін қауіпті болуы мүмкін. Қазіргі уақытта еріктілер екі учаскеде жұмыс жүргізіп жатыр, ал алдағы уақытта тағы бірнеше учаскеде жалғасады. Бұл жұмыстар мамыр айының соңына дейін, ауа райына байланысты маусым айының ортасына дейін жалғасуы ықтимал. Күн қатты ысығанда тасбақалар келесі көктемге дейін ұйқыға кетеді. Сондықтан табиғатты қорғау және қоршаған ортаны сақтау бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі, — деді ол.

Фото: Отырар ауданы әкімдігі

Спикердің айтуынша, бұл бастамаға облыс, аудан әкімдіктері атсалысып, жұмысшылармен және техникалармен қамтамасыз етпек.

Фото: Отырар ауданы әкімдігі

Сонымен қатар, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті де ғылыми жұмыстарға қолдау білдіріп отыр.

Бұдан бұрын Атырау облысында дала мысығы табиғи ортаға жіберілгенін жазған едік

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью