Түркістанда инвесторларға қатысты негізсіз тексерулер тоқтатылды

13.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Түркістан облысында инвесторлардың құқығын қорғау мақсатында «прокурорлық сүзгі» жүйесі арқылы былтыр 41 заңсыз әкімшілік істі келісуден бас тартылып, 12 инвесторға қатысты негізсіз тексерулер тоқтатылды. Соңғы екі жылда мемлекеттік органдардың 300-ге жуық шешімі зерделеніп, нәтижесінде 62 әкімшілік істі қозғаудан және 21 тексеруді тағайындаудан бас тартылған, деп жазады Egemen.kz.

Бұл деректер облыс прокуратурасының бастамасымен инвесторлардың құқықтарын қорғау және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу мәселелеріне арналған «Инвестициялық климат-дамудың басты құралы» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде келтірілді.

«Бүгінде Түркістан облысы инвестиция тарту бойынша еліміздің жетекші өңірлерінің бірі саналады. Әрбір инвестициялық жоба әкімдік тарапынан сүйемелденіп, инвесторларға «бір терезе» қағидаты негізінде жедел қызмет көрсетіліп отыр. Нәтижесінде 2025 жылы өңір экономикасына 1,7 трлн теңге инвестиция тартылып, өсім 121,6%-ды құрады. Оның ішінде 1,4 трлн теңге – жеке инвестициялар үлесінде. 2026 жылы 444 млрд теңгеге 66 жобаны іске асыру арқылы 7 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Біздің міндетіміз – қауіпсіз әрі ашық инвестициялық ортаны қалыптастыру», деді облыс әкімі Нұралхан Көшеров. 

Сондай-ақ 2026 жылға тікелей шетелдік инвестициялар тарту жоспары 499 млн доллар көлемінде бекітілген. Облыс әкімдігі мен құқық қорғау органдары инвесторлардың өзекті мәселелерін жедел шешу мақсатында тұрақты инвестициялық штаб отырыстарын өткізіп, жеке кездесулер ұйымдастырып келеді.

Еске сала кетейік, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы бізге жаңа әрі сапалы инвестиция тартуға арналған біртұтас стратегия қажет екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар

Жұмыртқа мен сары май қымбаттаған: Жетісуда бағаны негізсіз өсірген кәсіпкерлер жауапқа тартылды

Аймақтар • Бүгін, 11:58

Жетісу облысында бопсалаумен айналысқан 9 адам сотталды

Қылмыс • Бүгін, 11:44

Трамп АҚШ-тың климаттық нормаларына негіз болған құжаттың күшін жойды

Әлем • Бүгін, 11:33

Алматыда есірткі таратумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Аймақтар • Бүгін, 11:19

Шет ауданында жаңа спорт кешені ашылды

Аймақтар • Бүгін, 11:07

Патрульдік полицияны жасанды интеллект алмастырды

Қоғам • Бүгін, 11:00

Баку – Тбилиси – Джейхан арқылы 110 мың тонна мұнай жөнелтіледі

Экономика • Бүгін, 10:50

Өткен жылы өндіріс 6,4%-ға артты: Қай салалар оң динамика көрсетті?

Қоғам • Бүгін, 10:40

Енді мұнай-газ құбырларын адам емес, дрон күзетеді

Энергетика • Бүгін, 10:38

Астана әуежайында Дубайдан олжалы оралған сарбаздарды салтанатты түрде қарсы алды

Айбын • Бүгін, 10:32

Қызылордада бойжеткеннің соңынан қалмай, аңдыған өгей әкесі темір торға тоғытылды

Аймақтар • Бүгін, 10:20

13 ақпанда елдегі қай жолдар ашық, қайсысы жабық?

Ауа райы • Бүгін, 10:02

Жасанды интеллект ауаның ластануын алдын ала болжай ала ма?

Экология • Бүгін, 09:55

Көктайғақ, тұман, жел: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ауа райы • Бүгін, 09:47

Қаңтардағы ҰБТ: Тестілеу ережесін бұзған 120 адамның нәтижесі жойылды

Білім • Бүгін, 09:39

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью