Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Түркістанда күңгірттелген әйнегі бар 200-ге жуық көлік анықталды, деп хабарлады ішкі істер министрлігі.
Құқық бұзушылық бір айға созылған "Күңгірттеу" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде тіркелген.
Іс-шара барысында патрульдік полиция қызметкерлері көлік құралдарының техникалық талаптарға сәйкестігін тексеріп, алдыңғы және алдыңғы бүйірлік әйнектері заңсыз күңгірттелген автокөліктерді анықтау жұмыстарын жүргізді.
"Нәтижесінде қолданыстағы заңнама талаптарын бұзған 200-ге жуық жүргізуші анықталып, оларға қатысты әкімшілік шаралар қолданылды", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар полицейлер жүргізушілерге көлік құралдарын пайдалану кезінде заң талаптарын сақтау қажеттігін түсіндіріп, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі техникалық талаптардың маңыздылығына ерекше назар аударды.