Түркістанда немересін зорлады деген күдікпен нағашы атасы тергеліп жатыр

28.04.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Түркістан облысы Отырар ауданында ауыр қылмысқа қатысты күдік тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жергілікті тұрғын өз әкесінің 8 жастағы ұлына зорлық көрсетті деген күдікпен полицияға арызданған.

“Информбюро” бағдарламасының хабарлауынша, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. Қазіргі таңда күдіктінің кінәлі немесе кінәсіз екені сараптама қорытындысынан кейін анықталмақ.

Балалар омбудсмені Динара Зәкиева зардап шеккен баланың арнайы орталыққа орналастырылғанын мәлімдеді. Оған психологтер қажетті көмек көрсетіп жатыр.

Омбудсмен бұл істі жеке бақылауына алғанын атап өтті.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью