Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Қасым‑Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Түркістандағы жаңа мешітке барды. Ол екі ел арасындағы бауырластық пен рухани ынтымақтастықтың символына айналды.
Мемлекет басшыларының қатысуымен орталық намаз залында Құран аяттары оқылды.
Жаңа мешіт Өзбекстан президентінің Түркістан тұрғындарына және барлық қазақстандықтарға жасаған сыйы ретінде салынды.
Ғимараттың сәулеті исламдық дәстүрлер мен заманауи құрылыс технологияларын үйлестірген. Фасад пен ішкі кеңістік ұлттық өрнектермен және мұсылман каллиграфиясымен безендірілген.
Мұнаралардың биіктігі — 61 метр. Мешіт заманауи инженерлік инфрақұрылыммен жабдықталған. Аумағында көгалдандыру жүргізіліп, жарықтандыру жүйелері орнатылған, демалыс аймақтары мен субұрқақтар жасалған.Бүгін, 14:24