Түркістанда полиция журналистің ұрланған көлігін бірнеше сағат ішінде тапты

08.07.2026

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Түркістан қалалық полиция басқармасына журналист жүгініп, жұмыс орнының алдында тұрған өзіне тиесілі автокөлікті белгісіз біреу заңсыз айдап кеткені туралы арызданды. Аталған дерек бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Оқиға орны мұқият тексеріліп, қаладағы бейнебақылау камераларының жазбалары зерделенді. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде автокөлікті заңсыз айдап кеткен күдікті бірнеше сағат ішінде анықталды.

Ол жұмыссыз, Түркістан қаласының тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта автокөлік айғақты зат ретінде тәркіленіп, арнайы айып тұрағына қойылды. Іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда. Өз кезегінде көлік иесі полиция қызметкерлерінің кәсіби әрі жедел әрекетіне ризашылығын білдірді.

"Полиция қызметкерлерінің кәсіби жұмысына шынайы алғысымды білдіремін. Олардың жедел әрекетінің арқасында автокөлігім аз уақыттың ішінде табылды. Осы орайда Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаровқа және іздестіруге қатысқан барлық қызметкерлерге ерекше ризашылығымды жеткіземін", – деді Айгерім Айтаханова.
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью