Түркістанда қарындасы туған ағасына бауырын беріп, өмір сыйлады

13.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Ота жоғары білікті мамандардың қатысуымен өтті. Оған хирург Болатбек Баймаханов бастаған дәрігерлер тобы жұмылдырылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 41 жастағы науқасқа MELD шкаласы бойынша 16 балл көрсеткішімен бауыр циррозы диагнозы қойылған.

Фото: Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы

Соңғы жарты жылда оның жағдайы күрт нашарлап, портальды гипертензия, асцит және өзге де ауыр асқынулар тіркелген. Жүргізілген ем нәтиже бермей, трансплантация науқастың өмірін сақтап қалудың жалғыз тиімді жолы ретінде таңдалған.

– Науқастың 20 жастағы туған қарындасы өз еркімен донор болуға келісім беріп, толық медициналық тексеруден өтті. Қарсы көрсетілімдер анықталмады. Отаны А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы мен облыстық клиникалық ауруханасының мамандарынан құралған бірлескен команда жасады, – делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Қазіргі таңда науқастың жағдайы тұрақты. Отадан кейінгі кезең асқынусыз өтіп жатыр, трансплантацияланған бауырдың қызметі біртіндеп қалпына келе бастаған.

Бұдан бұрын Түркістанда науқасты ұзақ уақыт мазалап келген қуықтағы 80 тас ота арқылы алынғанын жазған едік. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью