Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. Түркістан облысының диқандары қауынның алғашқы өнімін жинай бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жетісай ауданындағы шаруалар егіс алқабынан 65 тонна өнім жинап үлгерген.
"Биыл 20 гектар жерге қауын ектік. Су жеткілікті болды, ешқандай тапшылық көрген жоқпыз. Су үздіксіз берілді. Уақытылы суарудың арқасында мол әрі ерте өнім алып отырмыз", - дейді "Әл-Фараби" шаруа қожалығының төрағасы Әл-Фараби Анарбайұлы.
Осы орайда диқандар "Қазсушар" филиалына алғыс білдіріп отыр. Барлығы К-34 каналы арқылы су алады.
Жалпы, жыл басынан бері Түркістан облысының ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне 1 млрд текше метрден астам су берілген. Оның 293 млн текше метрі Жетісай ауданына тиесілі. Ауданда бақша дақылдарын суаруға 49 млн текше метр су жіберілді.