Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Видеода нысан іргетасының түйіскен бұрышындағы қабырға үгітіліп, кейбір тіреу бөліктерінің жарылып, қисайғаны көрінеді.
Фото: Видеодан алынған скринТүркістан облысы әкімдігі аталған жағдайға қатысты түсінік берді.
Фото: Видеодан алынған скрин– Бұл өткен жылдың қыркүйегінде түсірілген видео. Көрсетілген құрылыс нысаны – қоғамдық монша құрылысы бойынша бірнеше рет тексеру жүргізіліп, анықталған кемшіліктерге байланысты тиісті ескертулер жасалды. Олқылықтарды қысқа мерзім ішінде жою жөнінде нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы қатаң бақылауға алынды. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының сапасы мен қауіпсіздігі тұрақты бақылауда. Түркістан қаласының әкімдігі қала аумағында жүзеге асырылып жатқан барлық құрылыс нысандарының белгіленген талаптарға толық сәйкес әрі сапалы орындалуына ерекше мән беріп отыр, – делінген облыс әкімінің баспасөз хатшысы Мира Сүлейменова ұсынған ақпаратта.
Әкімдік өкілінің мәліметінше, қоғамдық моншаның құрылысы 2025 жылдың ақпан айында басталған. Нысан екі қабатты, жалпы аумағы – 4231,4 шаршы метр. Жеке қаражат есебінен жүзеге асып жатқан жобаны 2027 жылдың тамыз айында аяқтау жоспарланып отыр.
Бұдан бұрын Түркістан облысындағы 469 құрылыс нысанында заң бұзу анықталып, құрылыс салушыларға 325 миллион теңгеге жуық айыппұл салынғанын жазған едік. Сондай-ақ заңсыз салынған 40 нысанды мәжбүрлеп бұздыру жөнінде сотқа талап-арыз жолданып, оның 5-еуіне қатысты бұзу туралы сот шешімі шыққан.