Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңындағы көне қорған жаңғыртылып жатыр

28.07.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Түркістандағы көне қалашықтың қорғанына реставрация жұмысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлады мәдениет және ақпарат министрлігі.

Қабырғаны қалпына келтіру туралы шешім мониторинг нәтижесінде қабылданды. Бақылау барысында жыл сайын оның 10-15 сантиметрге ығысатыны анықталған.

© Photo : Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрлігіТүркістанда Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңындағы көне қорған жаңғыртылып жатыр

Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңындағы көне қорған жаңғыртылып жатыр

© Photo : Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрлігі

Жоспарға сәйкес, шығыс қақпадан бастап 32 метр аумақ қалпына келтіріледі. Ал апатты жағдайда тұрған қабырға бөлігінің жалпы ұзындығы – 40 метр.

Қорған қабырғасы 2000 жылдары археологиялық зерттеулерге сәйкес қайта қалпына келтірілген. Бұл жолғы ғылыми-реставрациялық жұмыс кезінде іргетасы нығайтылып, апатты бөліктен алынған жарамды материалдар сақталып, солардың көмегімен қабырғаның бүлінген бөлігі қайта қаланады.

© Photo : Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрлігіТүркістанда Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңындағы көне қорған жаңғыртылып жатыр

Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңындағы көне қорған жаңғыртылып жатыр

© Photo : Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрлігі

Жүргізіліп жатқан жұмыстар қабырғаның одан әрі бүлінуіне жол бермей, цитадельдің солтүстік-шығыс бөлігінің тарихи келбетін сақтауға мүмкіндік береді. Ғылыми реставрацияны 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью