Түркістанда саммит қарсаңында күштік құрылымдардың дайындығы тексерілді

13.05.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Түркістан қаласында өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті қарсаңында қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында ауқымды гарнизондық саптық таратылым өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сапқа полицияның жеке құрамы, құқық қорғау және күштік құрылымдардың өкілдері, сондай-ақ ресми делегацияларды алып жүруге жұмылдырылатын қызметтік автокөліктер шығарылды.

Гарнизондық жиынды Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров өткізіп, халықаралық деңгейдегі маңызды іс-шараны жоғары деңгейде өткізу үшін жұмылдырылған күштердің дайындығын тексерді.

Саптық жиын барысында қызметкерлердің сыртқы келбеті, қызметтік тәртібі, арнайы құрал-жабдықтары мен автокөліктердің техникалық жай-күйі бақылауға алынды.

- Халықаралық саммиттің қауіпсіз әрі тыныш өтуі үшін әрқайсыңыз өздеріңізге жүктелген міндетті мінсіз орындауларыңыз қажет. Бұл қызметте ұқыптылық, тәртіп пен заң талаптарын сақтау - басты қағида, - деді облыстың бас полицейі Арыстанғани Заппаров.

Қазіргі уақытта Түркістан қаласында қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Іс-шаралар өтетін аумақтар мен орталық көшелерде жаяу және автопатрульдер саны арттырылып, бейнебақылау жүйелері мен Жедел басқару орталығы арқылы тәулік бойы бақылау жүргізілуде.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью