Түркістанда шахматтан балалар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды | Qazaq24.com
24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Түркістанда балалар мен жасөспірімдер арасында шахматтан Қазақстан чемпионаты басталды.
Сайысқа 6 мен 18 жас аралығындағы мыңнан астам жас шахматшы қатысып жатыр.
Олар 10 күн бойы классика, рапид және блиц форматтары бойынша бақ сынайды.
Біріншілік қорытындысы бойынша халықаралық және әлемдік жарыстарда ел намысын қорғайтын ұлттық құраманың негізі ойыншылары жасақталады.
Шахмат додасында ойын ұлдар мен қыздар арасында бөлек өтіп жатыр.
Мамандар жасөспірімдер арасында шахматқа қызығушылық артып келе жатқанын айтады.
Айару Алтынбек, шахматтан 3 дүркін әлем чемпионы: - Мен шахматты 7 жасымнан бастадым. Әкем үйде үйреткен.
Читать полностью
Читать новость