Түркістанда төленбеген 18 айыппұлы бар жүргізуші жалған нөмірмен ұсталды

12.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Полиция мәліметінше, жүргізуші LEXUS ES 300 автокөлігін жалған нөмір тағып жүргізген.

— Ақпараттық базалар арқылы тексеру барысында жас жігіттің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, жылдамдықты асыру дерегі бойынша 18 рет айыппұл салынғаны анықталды, — деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Аталған автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды. Заңға сәйкес жүргізуші 1 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылып, барлық төленбеген айыппұлын өтеді.

Еске салайық, таяуда Сенат депутаты Марат Қожаев жол ережесін жиі бұзатындар айыппұлды жоғары сомада төлеуі керек екенін айтты.

Атап айтқанда, елімізде жол ережесін бұзғандар айыппұл салынған күннен бастап бір аптаның ішінде төлесе, онда осы айыппұлдың жартысын ғана өтеу мүмкіндігі жасалған. Алайда сенатор бұл жеңілдік жол ережесін тым көп бұзатындарға қолданылмауы керек екенін мәлім етті.

Бұдан бұрын Түркістан облысында әйел жүргізуші екі баланы қағып кеткенін жазған едік

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью