Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Қор басшысының айтуынша, мұндай бастамалар түрлі ғылыми отырыстарда талқыланады. Дегенмен ешбір музей өзінің құнды жәдігерін түпкілікті беруге дайын емес. Қазақстанда да тарихи артефактіні көшпелі көрмеге шығаруға ғана рұқсат бар.
– Түркі әлемінің жәдігерлері әлемнің түрлі танымал музейлерінде де сақтаулы. Оларды білуіміз керек, көруіміз керек. Сол себепті, біздің ойымызша, виртуалды музейлер болуы керек. Осы мақсатта Астанадағы Alem.ai орталығында Turk Heritage платформасы ашылып, түркі дүниесінің виртуалды музейі, виртуалы архиві және виртуалды кітапханасы құрылмақ. Яғни, түркі елдеріндегі мәдениет министрліктерінің аумақты жұмысы бір порталға жинақталады, – деді Ақтоты Райымқұлова.
Сонымен бірге, спикер Түркістанда түркі өркениетіне арналған орталық ашу қажеттігін де атап өтті.
– Мен қазір барша түркі елдеріне ортақ қағидатпен қарауым керек. Дегенмен, біздің Түркістанда түркі өркениетінің не музейі, не орталығы ашылуы қажет. Өйткені біз – түркі өркениетінің тал бесігіміз, мұны барлық түркі елдері мойындайды. Бұл жақын болашақта болатын нәрсе секілді. Себебі осы мәселе өте өзекті болып отыр. Әрине, мұндай музейді түркі елдерінің кез келгенінде ашуға болады. Бірақ Түркістан – түркі халықтарының рухани астанасы, – деді қор президенті.
Айта кетейік, жыл соңына дейін Астанадағы Alem.ai орталығында Turk Heritage атты Дүниежүзілік түркі мұрасы платформасы ашылады.