Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Жобаға Қазақстанмен қатар Қытай, Қырғызстан, Италия, Малайзия және Сербия елдерінің әншілері қатысып жатыр. Олар өңірдің басты мәдени-туристік нысандарында түсірілім жүргізді. Әр елден келген өнерпаздарды халықаралық сарапшылар бағалайды.
Фото: Түркістан облысы әкімдігі«Voice Beyond Horizon» — Димаш Құдайберген мен қытайлық «Hunan Broadcasting System» медиа холдингінің бірлескен жобасы. Бұл бастамаға Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы және жергілікті атқарушы органдар қолдау көрсетіп отыр.
Фото: Түркістан облысы әкімдігіҚытайлық «Hunan TV» телеарнасының мәліметінше, Түркістан қаласында түсірілген халықаралық тележоба бір тәулікте 102 млн қаралым жинаған. Аталған бағдарлама — аймақтық спутниктік арналар арасында көш бастап, «KuYun» және «Huanwang» платформаларында да жоғары рейтингке шыққан. Түсірілім аясында Түркістан облысының тарихи және туристік орындары көрсетілген.
Фото: Түркістан облысы әкімдігіТүркістаннан басталған жоба Маңғыстау, Алматы және Ақмола облыстарында түсіріліп, шешуші финалы Астана қаласында өтеді.