Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Онда заңдылықты сақтау және лауазымды адамдардың жауапкершілігін арттыру мәселелері талқыланды.
Жиында елдімекен шегіндегі жер учаскелерін табыстауда, құрылыс нысандарын қабылдауда және білім беру ұйымдарындағы заң бұзушылықтарға байланысты тиісті шешім қабылданды.
– Атап айтқанда, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары, Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімі, Түркістан қаласы Білім, Құрылыс бөлімдерінің басшыларын атқарып отырған лауазымдарынан босату туралы шешім қабылдау ұсынылды, – делінген департаменттің хабарламасында.
Сондай-ақ Сайрам ауданының Құтарыс, Манкент ауылдық округі әкімдеріне және Кентау қаласы Хантағы ауылдық округі әкіміне, Келес ауданының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысына «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түрінде тәртіптік жаза қарастырылды.
Бұдан бөлек, Түлкібас ауданы Састөбе кентінің әкіміне «қатаң сөгіс» түрінде тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.
Бұдан бұрын БҚО-да былапыт сөз айтқан мемлекеттік қызметші қатаң сөгіс алғанын жазған едік.