Түркістанда жолдың қарсы бетіне шыққан жүргізушілер дрон арқылы анықталып, құжаттарынан айырылуда

16.05.2026

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Бұл туралы 2026 жылы 16 мамырда ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады:

"Атап айтқанда, Шолаққорған–Шымкент автожолы бойында "BMW X5" автокөлігінің белгіленбеген жерден қарсы бағытқа шыққаны белгілі болды. Нәтижесінде жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған көлік айыптұраққа қойылып, іс құжаттары сотқа жолданды. Сот шешімімен жүргізуші алты ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды".

Рейд барысында дрон құрылғысының көмегімен қарсы бағытқа шыққан тағы бес көлік жүргізушісі анықталғаны да нақтыланады. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью