Түркістандағы 15 жасында жүкті болған қыздың ісіне қатысты тергеу басталды

22.10.2025

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Ақтөбе және Түркістан облыстарында оқушы қыздардың жүкті болуы оқиғаларына қатысты пікір айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

— Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Әрине, бұл өкінішті жағдай. Ерте жүктілік мәселесі бүгінде өзекті проблеманың бірі. Қазіргі кезде мектептерде акушер-гинеколог деген маман жоқ. Сондықтан осыны қайтару бойынша Денсаулық сақтау министрлігімен жүйелі жұмысты бастадық, — деді Жұлдыз Сүлейменова Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Министрдің айтуынша, бұл балалар жайында ақпарат кеңінен тарап кеткеннен кейін, психологиялық ауыр жағдайға душар болған.

— Қазір оқушының білім алуын ары қарай жалғастыруына жағдай жасауға міндеттіміз. Психологиялық көмек те жасалып жатыр. Тергеу амалдары аяқталмайынша бұдан басқа мәліметті жариялай алмаймыз, — деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар ол Түркістан облысында 71 жастағы туысынан жүкті болып, босанған 15 жастағы қыздың жағдайына қатысты тергеу басталғанын айтты.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью