Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Түркістан облысында көлік жуатын орында болған жанжал қайғылы оқиғаға ұласып, адам өлімімен аяқталды. Сот екі айыпталушыны да кінәлі деп танып, оларға ұзақ мерзімді жаза кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Іс Түркістан облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралды. Айыпталушыларға топ болып, бұзақылық ниетпен адам өлтіру және адам өлтіруге оқталу баптары бойынша айып тағылған.
Сот материалдарына сәйкес, 2025 жылғы 29 қазанда Төлеби ауданының Загамбар ауылындағы көлік жуатын орын аумағында айыпталушы О. қоғамдық орында, болмашы себеппен жәбірленуші С.-ны соққыға жыққан. Кейін ол оқиға орнына келген А. мен М.-ға пышақ қолданған.
Әйелін суға батырып өлтірген Павлодар тұрғыны 15 жылға сотталды
Ауыр жарақат алған Мағжан Бимырза оқиға орнында қаза тапты. Ал шабуыл жасаушы оның 22 жастағы бауырына да бірнеше рет пышақ сұғып, оқиға орнынан бой тасалаған.
Екінші айыпталушы шабуылды тоқтатпағаны үшін, соттың анықтауынша, қылмысқа сыбайлас ретінде танылды.
Прокурор айыпталушыларға 15 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Жәбірленуші тарап соттан ең қатаң жазаны тағайындауды талап етті.
Сот барысында айыпталушы О. өз кінәсін ішінара мойындап, жазаны жеңілдетуді сұрады. Ал айыпталушы К. тек бұзақылық эпизодын мойындап, қалған айыптар бойынша ақтауды өтінді.
Сот шешімі бойынша бір айыпталушыға 20 жыл, екіншісіне 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сот олардан қаза тапқан азаматтың отбасына 25 миллион теңге моральдық өтемақы өндірді.
«Ақтөбе – Алматы» пойызындағы кісі өлімі: Күдікті тоғыз жылға сотталды
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ және апелляцияға берілуі мүмкін.
Айта кетейік, оқиғадан кейін күдіктілер жедел ұсталып, тергеу барысында уақытша ұстау изоляторында қамауда болған.
Соңғы жаңалықтар
Белгілі заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 12:28
Далида Ділмұратқызы: Мүмкіндігі шектеулі жандар үйде отырып қалмауы керек
Қоғам • Бүгін, 12:27
«Моральдық құқығымыз жоқ»: Депутат мас жүргізушілерге рақымшылық жасауға қарсы шықты
Парламент • Бүгін, 12:10
Мемлекеттік қызметке іріктеу: 1 сәуірден бастап өтініштер онлайн қабылданады
Қоғам • Бүгін, 11:49
Қырымда Ан-26 ұшағы апатқа ұшырады: 29 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 11:48
Америкалық журналисті ұрлағандардың бірі ұсталды: Күдікті қауіпсіздік қызметінің өкілі болуы мүмкін
Әлем • Бүгін, 11:30
Президент Әкімшілігі инвестиция бөлімінің меңгерушісі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:12
Қырғызстанда ер адам балаларға ішіне ине салынған кәмпиттер таратқан
Оқиға • Бүгін, 11:03
Қарағанды облысында 1-сыныпқа құжат қабылдау қашан басталады?
Білім • Бүгін, 10:52
АҚШ әскері Ираннан кете ме? Трамп маңызды үндеу жасайды
Әлем • Бүгін, 10:42
Жалған құжат көрсетіп, ақша талап еткен: Астанада кәсіпкерлерді алдаған күдікті ұсталды
Қоғам • Бүгін, 10:23
30 градусқа дейін ыстық: 1 сәуірде Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 10:15
Таразда 11-сынып оқушысы әкесінен алимент өндіріп алды
Оқиға • Бүгін, 10:08
Түркістандағы кісі өлімі: Сот айыпталушыларға 20 жылға дейін жаза тағайындады
Қылмыс • Бүгін, 09:50
«Қазіргі заманғы қазақ романы» әдеби жобасы: 15 миллион теңге Жүсіпбек Қорғасбекке бұйырды
Әдебиет • Бүгін, 09:44