Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Түркістанда Сауда орталықтары мен дүкендерде сұранысқа ие тауарлар мен азық-түлік 10%-нан 50%-ға дейін жеңілдікпен сатылып жатыр.
Мамандар бұл тұтынушылар үшін тиімді сауда жасауға, ал отандық өндірушілер мен кәсіпкерлерге өз өнімін өткізуге зор мүмкіндік екенін айтады. Сондай-ақ, жеңілдіктер апталығында сертификаттар ұтысы ойнаталып, тегін жеткізу қызметі көрсетіледі. Көптеген сауда орыны осы күндері жұмыс уақытын ұзартып отыр. Бұл тұрғындарға ыңғайлы уақытта сауда жасауға мүмкіндік береді. Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы мамандарының айтуынша, «Republic Day» акциясы ішкі нарықты қолдау және тауарлардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.
Абай Шенгелбаев, облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының бөлім басшысы:
- Мұндай акциялар ішкі нарықтағы тұтынушылық белсенділікті арттырумен қатар, кәсіпкерлер мен өндірушілер арасындағы бәсекені күшейтіп, сауда саласының дамуына серпін береді. Жеңілдіктер апталығы аясында тұрғындар тек тиімді бағамен сауда жасап қана қоймай, отандық кәсіпкерлерді қолдауға, сонымен қатар сапалы әрі қолжетімді тауарларды таңдауға мүмкіндік алады.