24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Түркістандықтар бизнес бастауға бейім. Елімізде ең көп грант алғандар осы аймақта тұрады. Яғни биыл мұнда 1788 адам қайтарымсыз қаржы алып, кәсіп бастаған.
Ағымдағы жылдың 9 айында Қызылорда облысынан да сұраныс көп келген. Аймақтың 1500 тұрғыны грант иегері атанды. Тізімде жамбылдықтар үшінші орында. Облыста 1006 адам бизнес бастаған. Ал ең аз грант алушылар Ұлытауда тұрады. Облыста небәрі 79 адам қайтарымсыз қаржы алған.