Түркістанның ескі қала аумағында пайдаланусыз қалған ғимараттар қалай өзгереді

25.01.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Көне шаһардың Абылайхан көшесіндегі «Жолаушылар көлігі орталық дирекциясы» ғимаратында мұражай ашылып, келушілерге арналған дәмхана мен фудкорт орналастыру көзделген. Сол көшедегі «Бригадашылар үйі» ғимараты да қайта жаңғыртылып, теміржол саласының тарихын дәріптейтін мұражай мен шағын дәмхана ашылмақ.

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

— Тәукехан көшесінде орналасқан сәулеттік нысандар кешені де назарға алынды. Жалпы аумағы 0,42 гектар бұл аумақта 4 ғимарат орналасқан. Сонымен қатар мұнда 2500 шаршы метрлік сквер бар. Жобалық жоспарға сәйкес, ғимараттардың сәулеттік бейнесі сақталып, олар мұражай ретінде пайдаланылады және теміржол бағытындағы сквер ретінде абаттандырылады, — деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Осы орайда, облыс әкімі Нұралхан Көшеров теміржол вокзалы маңы мен ескі шаһарды аралап, тарихи нысандарды туристік және мәдени бағытта дамыту мәселесін қарады. Жобалардың жүзеге асуы қалаға келген туристер үшін жайлы орта қалыптастырып, Түркістанның туристік әлеуетін арттырмақ.

Фото: Түркістан облысы әкімдігі Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Бұдан бұрын ғасырдан асқан Түркістан вокзалына ғылыми реставрация жасалатынын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью