Түркістанның үстінде биік түтін бағаны көтерілді: дәмханада өрт шықты

30.10.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Түркістанда көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дәмханада өрт шықты. Ғимараттан көтерілген қою түтін қаланың әр тұсынан көрінді. Оқиға куәгерлері болған жайтты видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ТЖМ мәліметінше, өрт 32-көшеде болған. Өрт ошағы мекеменің асүйінде болып, мұржасы тұтанған.

Дәмхананың орналасуын ескергенде, өрттің басқа бөлмелер мен тұрғын үйдің жоғарғы қабаттарына таралу қаупі болды.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтады. Оттың ғимаратқа таралуына жол берілмеді.

ТЖМ ақпараты бойынша, зардап шеккендер жоқ.

Айта кетейік, 28 қазанда Шымкенттегі дәмханада да өрт шыққан болатын. Құтқарушылар 30 шаршы метрден аса аумақтағы өртті тсөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью