Түркия еліміздің ауыл шаруашылығына 400 млн доллар инвестиция құйған

15.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

— Соңғы жылдары Түркия капиталының қатысуымен, құны 400 млн долларлық оннан астам инвестициялық жобаны іске асырдық. Олар — негізінен, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өңдеу және кондитерлік өнімдерді шығару бағытындағы жобалар. Қазір біз құны 1 млрд доллардан асатын бес ірі инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатырмыз, — деді ол.

Мәселен, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында бірлескен ірі жобалар басталған.

— Шымкентте түркиялық Alarkо компаниясының 500 гектар жылыжай кешені салынып жатыр. Бұл да біздің еліміз үшін ауыл шаруашылығы әлеуетін дамыту мақсатындағы үлкен жұмыс. Сонымен бірге, Астанада Tiryaki компаниясының астықты терең өңдеу жобасы іске асырылып жатыр. Одан бөлек, тағы бір түркиялық компания Алматыда мал терісін терең өңдеу бағытында жұмыс істеп жатыр. Бұл жоба аясында жылына 7 мың тоннадан астам желатин өндіреміз, — деді вице-министр.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан мен Түркия арасында ауыл шаруашылығы саласындағы тауар айналымы артып келе жатқанын жазғанбыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью