Түркия мектеп оқулықтарына Түркістан ұғымын енгізеді

14.05.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Түркияның Ұлттық білім министрі Юсуф Текин "Түркия ғасырының білім моделі" аясында оқу бағдарламасындағы кейбір ұғымдардың өзгергенін мәлімдеді. Жаңартылған бағдарламаға сәйкес, "Орталық Азия" термині "Түркістан" болып ауыстырылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz түрік БАҚ-тарына сілтеме жасап.

Түркияның Ұлттық білім министрі Юсуф Текин "Түркия ғасырының білім моделі" аясында оқу бағдарламасындағы кейбір ұғымдардың өзгергенін мәлімдеді. Жаңартылған бағдарламаға сәйкес, "Орталық Азия" термині "Түркістан" болып ауыстырылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz түрік БАҚ-тарына сілтеме жасап.

Орталық Азия емес, Түркістан

Стамбулда өткен "Білім жүрегіндегі Рамазан" іс-шарасында сөйлеген сөзінде Юсуф Текин "Орталық Азия" (Orta Asya) ұғымына тоқталып, бұл атау Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан саяси ахуалдың жемісі екенін алға тартты.

"Ғылыми әдебиетте бұған Түркістан (Türkistan) атауы сәйкес келеді", - деді деді ол.

Сондай-ақ оқу материалдарында "Крест жорықтары" (Haçlı Seferleri) тіркесінің орнына енді "Крест шабуылдары" (Haçlı Saldırıları) термині қолданылады, ал "Эгей теңізі" (Ege Denizi) атауы "Аралдар теңізі" (Adalar Denizi) болып өзгертілген.


Бұдан бөлек "Ұлы географиялық ашулар" (Coğrafi Keşifler) термині "Отаршылдықтың бастауы" (Sömürgeciliğin Başlangıcı) деген тіркеспен алмастырылған.

Юсуф Текин бұл өзгерістер Түркия Ұлттық білім министрлігінің жаңа білім беру моделі аясында дайындалғанын атап өтті.

Еске сала кетейік, Түркиядағы мектептегі тарих бағдарламасына енгізілген өзгерістер туралы 2024 жылдың қазан айында белгілі болған еді. Жаңа білім беру моделі аясында "Орталық Азия" терминін "Түркістан" атауына ауыстыру жоспарланған болатын.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Қызылордада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамыту тақырыбында форум өтті

12 мамыр 22:48 2

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью