Түркия Қазақстанның экономика саласында жеткен жетістіктерін жіті бақылап отырады Ердоған

14.05.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Түркия Президенті қазақ және түрік кәсіпкерлерінің үлес қосуының арқасында Қазақстанмен экономикалық қарым-қатынас нығайып келе жатқанына қуанышты екенін жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордағы сілтеме жасап.

Түркия Президенті қазақ және түрік кәсіпкерлерінің үлес қосуының арқасында Қазақстанмен экономикалық қарым-қатынас нығайып келе жатқанына қуанышты екенін жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордағы сілтеме жасап.

Бұл туралы Түркия басшысы қазақ-түрік бизнес форумы барысында мәлімдеді.

"Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көреген басшылығымен Қазақстанның экономика саласында жеткен жетістіктерін жіті бақылап отырамыз. 2025 жылы елдің ішкі жалпы өнімі 6,5 пайызға жетіп, жан басына шаққанда 15 мың долларға жақындады. Бүгінде Қазақстанды сыртқы сауда айналымы 145 миллиард долларға жеткен Орталық Азиядағы экономикасы ең ауқымды ел ретінде білеміз. Осы өсімнің нәтижесінде Қазақ елі 2025 жылы түркі әлеміндегі ең ірі сауда-экономикалық серіктесімізге айналды. Әрине, біз мұнымен шектелмейміз. Мақсатымыз – 15 миллиард долларлық межеге жету", – деді Режеп Тайип Ердоған.

Бұған дейін Қазақстан Түркияға экспортты 630 миллион доллар көлемінде ұлғайта алатыны хабарланған болатын. Бұған ондаған тауар түрлері кіреді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью