Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Түркияның Төтенше жағдайларды жою және апаттарға қарсы іс-қимыл басқармасы (AFAD) және Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамының қолдауымен 11 жүк көлігі дайындалған. Оның ішінде:
5 көлікте 50 тонна ұн,
1 көлікте жастықтар мен жамылғылар,
5 көлікте балаларға арналған жөргектер мен азық-түлік.
Фото: Анадолы
25 қаңтарда жүк көліктері аймаққа Сирия үкіметі және Алеппо көмек үйлестіру орталығының серіктестігімен жіберілді.
Осыдан бұрын Сирия үкіметі мен күрдтер атысты тоқтату туралы келісімге қол қойды.
Кейіннен Сирияның Қорғаныс министрлігі елдің әскерилер мен күрдтер бастаған күштер арасындағы атысты тоқтату келісімін 15 күнге ұзартқанын хабарлады.
Өз кезегінде Сирия президенті Ахмед аш-Шараа күрд халқының Сирия халқының ажырамас бөлігі және елдің ұлттық бірегейлігі ретіндегі мәртебесін бекіту туралы жарлықты бекітті.